CaspianLife, 27 маусым — Ақтауда жол белгісін сызып жүрген қызметкерді көлік қағып кетті. Бұл туралы 25 маусымда кешкі 22:30-да 102-ге шақырту келген.
«Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі кедергілерге тап болған кезде шара қолданбай, жолға белгі сызып жүрген жұмыскерді қағып кетті. Тергеу жүріп жатыр, — деп мәлімдеді Маңғыстау ПД-нің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Мекеменің баспасөз қызметі 1960 жылғы ер адам ес-түссіз жеткізілгенін, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Ақ халаттылар науқастың жағдайы ауыр дейді.
«Соқтығысу салдарынан ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың ауыр жарақаты, оң жақ аймақтың эпидуральды қан кетуі, субарахноидты қан кету, бет сүйектерінің бірнеше жерден сынуы, жоғарғы жақтың сынуы, мұрын сүйектері, сол жақ гумерустың сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның жабық сынуы, париетальды аймақта көгерген жара, арқаның абразиясын анықтады», — деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.