CaspianLife, 24 маусым — Маңғыстауда жыл басынан бері 112 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың дәл осы тоқсанымен салыстырғанда 5% аз, дейді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Алексеев.
«Биыл өрттен екі адам мерт болды. Оқиғаның бірі Түпқараған ауданында Аташ ауылында қаңырап тұрған үйдің отқа орануы салдарынан болды. Екіншісі, Бейнеу ауданында «Лада Гранта» көлігі өртеніп, 68 жастағы тұрғын қайтыс болды. Одан бөлік, Жаңаөзенде жеңіл көлік өртеніп, ер адам жарақат алды», — дейді Алексеев.
Басқарма басшысы өрт көбіне электр сымдарының тұйықталу салдарынан туындайтынын айтады. Жалпы тілсіз жаудан келген шығын 11 млн 195 мың теңгені құрайды.