CaspianLife, 20 маусым — Биыл Батыс Қазақстан облысында жол салу және жөндеу жұмыстарына өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық қаржы бөлінген. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев хабарлады. Жоспар бойынша, 600 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді.
«Биыл жол салу және жөндеу жұмысына 51 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін жергілікті жолдардың деңгейін 39-дан 50 дейін жақсарту жоспарланған», — деді Ғали Есқалиев.
Аймақ басшысының айтуынша, «Орал-Атырау» тасжолы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Оның ұзындығы – 335 шақырым. Аталған трассаны жөндеуді келер жылы қолға алатын боламыз деді Есқалиев.