CaspianLife, 14 маусым — Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Жылыой ауданында тұратын жасөспірім полицияға жалған хабар берген.
Аудандық полиция бөлімінің «102» операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Құлсары қаласының 3-шағын ауданындағы балалардың ойын алаңында жаппай төбелес болып жатқанын айтқан.
«Жалған хабар берген кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 438-бабына сәйкес, полицияны көрінеу жалған шақырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.