CaspianLife, 13 маусым — Өз перзентін аяусыз ұрып өлтірген ана 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жан түршігелік оқиға қаңтар айында болған. 10 маусым күні аталмыш іске қатысты шешім қабылданды.
«8 қаңтарда анасы қатты ашудан қызының ішінен жұдырықпен ұрғаннан кейін, баласын қалдырып тастап кетті. Сағат 04:30 шамасында қыз бала дене соққысынан қаза тапты. Экпертиза нәтижелері бойынша, бүлдіршіннен көп қан кеткен», — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.