CaspianLife, 26 мамыр — Бүгін мемлекеттік рәміздер және Шекара қызметі құрылуының 30 жылдық мерей тойына орай, ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің лауазымды тұлғаларының ұйымдастыруымен Дамбы ауылдық округінде тәрбиелік спорттық-веломарш іс-шарасы өткізілді.
Бұл іс-шараға Дамба ауылдық әкімшілігі, мәдениет үйінің, Амангелді атындағы орта мектебі өкілдері мен ауыл тұрғандары, сонымен қатар әскери-патриоттық үйірмесінің «Жас шекарашылар» мүшелері де қатысты.