CaspianLife, 11 мамыр — Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы Батыс Қазақстан Полиция департаменті хабарлады.
9 мамырда «Қазталовка-Индер» тасжолының 188-ші шақырымында «Тойота Камри» көлігі аударылып қалды.
«Алдын ала деректер бойынша, 1988 жылғы азаматша көліктің рулін басқара алмай қалған. Салдарынан 2018 жылғы бала қайтыс болды. Сондай-ақ, жүргізуші мен тағы бір жолаушы жарақат алды», — делінген БҚО ПД-нің хабарламасында.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.