CaspianLife, 26 сәуір — Балық қырылғаны туралы әлеуметтік желіде видео тарады.
Осыған байланысты Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы түсінік берді.
«Видео биыл түсірілген. Бірақ, қырылған балық дабыл қағатындай көп емес. Нақты саны қосымша хабарланады. Бұл жағдай Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болған», -дейді басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, балықтың қырылуына байланысты арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері бар.
Мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.