CaspianLife, 5 сәуір —«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифіне заңға сәйкес келмейтін шығындарды қосқаны үшін тұтынушыларға 70 млн теңгені қайтарып береді. Сондай-ақ, кәсіпорынға 2,4 миллион теңге айыппұл салынып, көрсетілген қаражатты қайтару міндеттелді.
«Тарифтерді саралауға байланысты қайта есептеуді кезең-кезеңімен жүргізіп, әрбір жеке тұлғамен жұмыс істейтін боламыз», — деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Бектемір.
1 сәуір күні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тарифті есептеуде заң бұзушылықтарды анықтаған болатын.