CaspianLife, 31 наурыз — Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар жолдарында «электр бақташы» орнатылды.
«Маңғыстау өңірінде жануарларды үркітетін «электр бақташы» (электропастух) құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейтінін ескеру қажет (тоқ күші шамамен 12 вольт). Орнатылған құрылғының жалпы ұзындығы — 25 шақырым. Құрылғы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы мен «Жетібай-Жаңаөзен» тасжолы бойында орнатылды», — деді компаниядан.
Ұлттық компаниядан мәлім еткендей, былтыр республикалық маңызы бар автожолдар бойына үй жануарларының 14 муляжы (түйе, жылқы) және 13 мың метр жол қоршаулары орнатылған.
«Муляждар жүргізушілерге жолға кенеттен жануарлар шығуы мүмкін екенін еске салуға арналған. Жол қоршауларына келетін болсақ, олар «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолына, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолына орнатылды. Биыл (Ман-Ата, Беки, Жармыш) сияқты жолдардың басқа учаскелері де аталмыш жұмыстармен қамтылмақ», — деді «ҚазАвтоЖол ҰК« АҚ баспасөз қызметінен.