CaspianLife, 31 наурыз — Қызылқоға ауданында Сағыз стансасы ішімен ағатын Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылындағы үйлерді су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің адамдары колледж бен мектепке эвакуациялануда.
Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер мен өзге де мекеме қызметкерлері бар барлығы екі жүздей адам мен ондаған техника жұмылдырылған.
Тұрғындардың сөзінше, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда.
Қазір Сағыз ауылындағы ахуал тұрақты бақылауда.