CaspianLife, 27 наурыз — Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір 18 жасқа толған азаматтар медициналық комиссиядан, психологиялық тесттен, жеке әңгімелесуден өтіп жатыр.
«Арнайы құрылған комиссия әскерге шақырылатын әр бозбаланың отбасы жағдайын сараптап, денсаулығын жіті тексереді. Атырау облысынан маусым айының соңына дейін 700-ге жуық ер азаматты әскерге шақыру жоспарланған», -дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Асхат Әйтенов.
Оның айтуынша, іріктеу, әскери бөлімдерге бөлу кезінде шақырылушылардың білімі мен мамандығы ескеріледі.