CaspianLife, 21 наурыз — Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды.
Бұдан бұрын Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түскенін жазған едік.
«Күдікті ұсталған кезде тапаншасы болмаған еді. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 19 наурызда теректің түбінен екі тапаншаны тапты. Тапаншалар атыс болған шағын ауданда өсіп тұрған теректің бірінің түбіне жасырылған. Қазір екі тапанша сараптамаға жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.