CaspianLife, 18 наурыз — Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 Қытай Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.