CaspianLife, 11 наурыз — Жыл басынан бері зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдаудың 7 фактісі тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
«Азаматтар «жасыл» дәліз арқылы өтіп, жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ екенін мәлімдеген. Багажды кедендік тексеру кезінде жалпы сомасы 1063 дана (жеті дерек бойынша) зергерлік бұйым – сырғалар, кулондар, сақиналар мен білезіктер табылды. Азаматтар өз түсініктемелерінде зергерлік бұйымдарды достарына сыйлық ретінде сатып алғанын айтты», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Зергерлік бұйымдардың нақты құны сараптама арқылы белгіленеді, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.