CaspianLife, 5 наурыз — Бүгін Атырауда №16 мектептің ресми электронды мекенжайына мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқу орнының әкімшілігі дереу тиісті органдарға хабарлаған. Полиция оқушылар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялады.
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жұмысы ғимаратта жарылғыш заттың жоқтығын көрсеткен. Лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама жіберген адамды іздестіріп жатыр.
Бұл кезде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, ал екінші ауысым бүгін онлайн оқиды.