CaspianLife, 4 наурыз — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлердегі жалақы мөлшерін жариялады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, жалақы мөлшері бойынша мұнайлы өңірлер көш бастап тұр:
Атырау облысы – айына 420,4 мың теңге;
Маңғыстау облысы – 382,4 мың теңге;
Нұр-Сұлтан қаласы — 391,4 мың теңге;
Алматы қаласы – 329,1 мың теңге.
Сондай-ақ министрлік табысы жоғары саланы да атады
«Су көлігі саласында орташа жалақы 890,7 мың теңге шамасында, бұл елдегі ең табысты сала», — делінген ақпаратта.
Жастар қай саланы таңдайды
Еңбек министрлігі 15-28 жас аралығындағы жастардың қай саланы жиі таңдайтынын хабарлады.
«Жұмыс істейтін жастардың көбеюі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (+11 мың), қаржы және сақтандыру (+8,9 мың), кәсіби және ғылыми қызмет (+7,7 мың), мемлекеттік басқару (+7,4 мың), өнер және ойын-сауық (+4 мың) салаларында байқалады», — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қалған салаларда жұмыспен қамтылған жастар саны қысқарып жатыр, ең көп төмендеу сауда саласында тіркелді (-42 мың адам).