CaspianLife, 27 ақпан — Ақтау полицейлері жолдың қақ ортасында шомылған жігіттерді ұстап, жауапкершілікке тартты.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жаяу жүргіншілер өткелінде жігіттің үстіне белгісіз адамның бөтелкеден су құйып жатқанын көруге болады.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бәстен ұтылмас үшін жолдың қақ ортасында шомылу ұйымдастырған бір топ жігіт жауапкершілікке тартылды.
«Жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтарға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жолда көбікті сумен шомылғаны үшін және шомылуға көмек көрсеткендерге ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.