CaspianLife, 22 ақпан — Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл туралы кеше, 21 ақпанда сағат 20:20-да хабар түскен.
«Ағайынды екі жігіт «КамАЗ» жүк көлігімен Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 80 шақырым жердегі Мұнайлы кен орнына баруды көздеген. Олар 20 ақпан күні сағат 12:00-де жүк көлігіне шөп тиеп, жолға шыққан. Содан кейін олардан еш хабар болмаған. Ағайынды жігіттердің бірінің жасы – 33-те, екіншісі – 31 жаста», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жоғалған жігіттерді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 қызметкер, жедел-құтқару жасағынан 1 қызметкері мен 1 «Трэкол» көлігі, аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері қатысты. Ағайынды жігіттер кеше, 21 ақпанда сағат 22:17-де Құлсары қаласынан шамамен 50 шақырым қашықтан табылды. «КамАЗ» жүк көлігінің балшыққа батып қалғаны анықталды.