CaspianLife, 22 ақпан — Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентімен ересектердің 82,1%-ы егілді, бұл жалпы халықтың 53,4%-ын құрайды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
«Екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 78,5%-ы және республиканың жалпы халқының 49,9%-ы. Қазіргі кезде негізгі профилактика шараларының бірі – ревакцинация. Биыл ревакцинация деңгейінің өсуі байқалады, бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды», – дейді министр.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, ревакцинациялау көрсеткіші Нұр-Сұлтан және Атырау облысында төмен.