CaspianLife, 22 ақпан — Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам 5 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды.
Оқыс оқиға бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында болған.
«Атырау қаласының «СМП-163» шағын ауданында орналасқан №7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да. Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт болды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.