CaspianLife, 10 ақпан — Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы қыркүйектен бері 225 үйге осындай датчик орнатылған.
«Қазір қызметкерлері тұрғын үйлердегi өрттiң алдын алу үшін түсінік жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйiне улы газды анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылды. Сондай-ақ, датчиктің инструкциясы көрсетiлдi. Улы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асқан кезде датчик дыбыстық дабыл шығарады. Бұл құрылғы автономды түрде аккумуляторлық батареямен жұмыс істейді. Батареяның жұмыс істеу мерзімі бiр маусымға жетеді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.