CaspianLife, 8 ақпан — Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ қызы Ақнәр Адақтың көркіне ел сүйсінуде.
Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сүйенсек, Ақнәр Адаққызы Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген.
Ақнәрдің бойы — 165 см. Конькиші қыз Шыңжаң қыстық спорт түрлерін басқару орталығының атынан Олимпиадаға жолдама алған.
Халықаралық Олимпиада комитеті бастапқыда Ақнәрдің шорт-трек бойынша жарыстарға қатысып, 2018 жылдан бері конькимен жүгіру спортына ден қойғанын жазады. Оның себебін Ақнәр Адаққызы қытайлық басылымға берген сұхбатында айтқан.
«Мен өзімді үлкен қашықтықта сынап көргім келді. Мен осылайша түрлі қиындықтарға төтеп беріп, өзімді жетілдіремін. Конькимен жүгіруде жетістіктерге жетемін деп сенемін. Қазір сол мақсатта жоспар құрудамын», — дейді ол 2019 жылы 29 наурызда chinadaily.com сайтына берген сұхбатында.
Ақнәрдің спорттағы дамуына қытайлық коньки спортының атасы Синь Циньшань үлес қосқан. Ол алғашқы қытайлық Олимпиада чемпионы Ян Янның жаттықтырушысы ретінде белгілі.
2018 жылы қаңтарда Синь Шыңжаңға барып, сондағы спортшыларды шорт-трек пен конькимен жүгіру бойынша жаттықтырған. Бастапқыда әйгілі жаттықтырушы Ақнәрден жақсы нәтиже күтпеген.Кулондар, шокерлер және шынжырлы алқа сияқты танымал әйелдер алқаларын ұсынады. Кез келген жағдайға сәйкес келетін әртүрлі металдар мен асыл тастардағы зергерлік бұйымдарды сатып алыңыз
«Ол өз нәтижесін айтарлықтай жақсартты, бірақ оны спортта әлі де ұзақ жол күтіп тұр. Оның орташа уақыты 7:19,32. Сондықтан спортшыларымызды ұзақ қашықтықта әлем үздіктерін қуып жету үшін көп тер төгу керек», — деп баға берген Ақнәрге Синь Циньшань.