CaspianLife, 8 ақпан — Қайта өңдеуге жіберілетін Airbus A380 ұшағы қонақүйге айналады. Мұны Airbus-тың бұрынғы инженері Фредерик Де Люс орындайды.
Қонақүй Тулуза (Франция) әуежайының солтүстік бөлігінде орналасады.
Әуе кемесінде 31 бөлме болады. Фюзеляжда бөлменің үш түрі ұсынылады: стандартты екі орындық, үш-төрт адамға арналған жартылай люкс және екі люкс. Люкстердің бірі A380 кабинасында, ал екіншісі ұшақтың артқы жағында баспалдақпен жалғанған екі қабатта орналасады. Сондай-ақ, қонақүй кешенінде террасасы бар 60 орындық мейрамхана болады.