CaspianLife, 1 ақпан — Атыраулық спортшылар Ерұлан Қабдолов пен Неймат Асадов Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Аралас жекпе-жек шеберлерін жақындары мен бапкерлері әуежайдан күтіп алды.
52 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ерұлан Қабдолов алғашқы кездесуінде мексикалық қарсыласын тізе бүктіріп, ширек финалда Үндістан елінің спортшысынан басым түсті. Бірақ, жартылай финалда қазақстандық Бағдат Жұбанышқа есе жіберіп, үшінші орын алды. 14 жасынан бері ММА-мен айналысатын Ерұлан Қабдоловтың туыстары мен жаттықтырушыларына айтар алғысы шексіз.
Әлем Чемпионатында Қазақстанның көк туын көтергеніме қуаныштымын. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 56 мемлекеттен мықты-мықты спортшылар жиналды. Бойлар ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Бірақ, кішкене индиялық спортшымен кездескенде нокдаун алып қала жаздадым. Күрес әдісімен ала бастадым, ұру жағынан қиын болғаннан соң, — дейді Ерұлан Қабдолов.
Аралас жекпе-жектен биылғы әлем чемпионатына 56 елден 400-ден астам спортшы қатысқан.