CaspianLife, 1 ақпан — Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қаңтар күні Жылыой ауданында болған
38 жасар тұрғын 1961 ж.т ер азаматтың мойнына бірнеше рет пышақ салған көрінеді. Кейін марқұмның денесін өзінің «УАЗ Патриот» маркалы көлігіне салып алып, белгісіз жаққа кеткен. Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды.
Аталған факт бойынша ҚР КК 99 бабының 3 тармағының 5 бөлігіне (кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.