CaspianLife, 28 қаңтар — Атыраудағы апатты мектептер мен үш ауысымды оқу мәселесі 2 жылда толықтай шешіледі. Сондай-ақ » Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы» аясында 48 мектеп құрылысы басталмақ.
«Әлеуметтік салада үш ауысымдық мектептер мәселесін толығымен 2 жылда шешу жоспарда. Кешенді бағдарламаға 48 мектеп тұрғызу енгізіліп отыр. Мектептер құрылысы республикалық, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде мемлекеттің жеке серіктестікпен ынтымақтастығы аясында, жеке инвестиция аясында 2 мектеп құрылысы басталып кетті. Осылайша, алдағы 2 жылда Атырау облысында үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі толықтай шешіледі» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.