CaspianLife, 18 қаңтар — Оқиға 17 қаңтар күні 10:00 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №38 мектеп тұсында болған.
Kia Rio автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып басты жолда келе жатқан Газель автокөлігіне апаттық жағдай жасап, соның салдарынан Газель автокөлігі жол жиегіне аударылған. Аталған дерек бойынша iс-құжаттар жинақталуда.
Атырау қаласы Полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жүргізушілердің назарына жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.