CaspianLife, 18 қаңтар — Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды.
Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің Covid-19 инфекциясын анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сол себептен, олар 12 қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда, -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.