CaspianLife, 14 қаңтар — Оның ішінде қайталап бұзған 69 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Әкімшілік сотта 34 тұрғынға қатысты іс қаралып, 19-ына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сот тағы 15 адамға ескерту берді.
Қазір желі пайдаланушылары арасында ағымдағы жылдың 2-8 қаңтарындағы қайғылы оқиғалар туралы бейнероликтер белсенді түрде тарауда, олардың астындағы жазбалары шындыққа сәйкес келмейді. Бұл халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің жаңа толқынының пайда болу қаупін тудырады. төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, — деп ескертті Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев
Қазір өңірде жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері және халықтық жасақ көмекшілері қалалар мен ауылдардың көшелерін күзетіп тұр. Облыста 8 блок-бекет қойылған.