CaspianLife, 13 қаңтар — Қазіргі уақытта 10 жолаушылар автобусы ұйымдастырылып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы.
Енгізілген коменданттық сағат кезеңіне орай, Атырау қаласына түнгі уақытта келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалы ұйымдастырылды. Қала бойынша нақты маршруттар жолаушылар жиналатын орындарда ұйымдастырылды делінген басқарма таратқан ақпаратта.