CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша Төтенше жағдай кезінде қызмет атқарып жүрген полицейлер блок-бекеттен суық қару өткізбек болған көлік пен түрлі психотроптық дәрі сатушыларды ұстады.
9 қаңтар күні Атырау қаласына кіре беріс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық аңшы пышағын өткізбек болған көлік анықталды. Сондай-ақ, Департаменттің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған 4 адамды ұстады. Оларды ұстау кезінде 2 тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрілер тәркіленді. Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.