CaspianLife, 10 қаңтар — Маңғыстау облысында 8 блокбекет қойылды. Олар Ақтаудан Жетібай, Құрық ауылдары және Форт Шевченко қаласына апаратын жолдарды бақылайды. Сондай-ақ, Баянды-Әмір тас жолында бақылау-өткізу бекеттері бар, тағы үшеуі Жаңаөзен қаласынан шығатын жолдарды бақылайды.
Өңірде түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында коменданттық сағат енгізілген. Құқық қорғаушыларға еріктілер көмектесіп жүр.
Облыста 109 колл орталығы іске қосылды. Ол арқылы төтенше жағдайға байланысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.
«Қазақстанның барлық аумағында лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Лаңкестер қару қолданылмаған бейбіт және тыныш аймақтарға, соның ішінде Маңғыстау облысына еніп кетуі ықтимал», — деп ескертті облыс коменданты Жанарбек Бақтыбаев.