CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырауда 21 желтоқсан күні шамамен 12:50-де 30 жастағы ер адамның көлігінен полиэтилен пакетіне салынған 23-дана бекіре тұқымдас балықтары табылған.
Қылмыстық іс-әрекетті Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шара бойынша «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған. Сондай-ақ, аталған 23-дана бекіре тұқымдас балықтарды «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауытына тапсырған кезде, жалпы салмағы 67 кг 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды.
Қазіргі уақытта көрсетілген факті бойынша. ҚР ҚК-нің 339 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен аталған қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,- деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Айта кетейік, полицейлермен тәркіленген заңсыз ауланған балықтар бекіре зауытына тапсырылады. Одан соң, сот үкіміне сәйкес мемлекет пайдасына сатылады. Егер, әр азамат жеке басының пайдасынан гөрі табиғат байлығына жауапкершілікпен қараса, жүгенсіздіктің жолы кесілер. Заңсыздықтың зардабы көп екенін ескере жүрсе, байлықтың көзі балық та сақталып қалмақ.