CaspianLife, 13 желтоқсан – 12 желтоқсан күні 22:20 шамасында 102 операторына Атырау мөлтек ауданында орналасқан көпірден белгісіз адамның секіріп кеткені хабарланған.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері су үстіне жарықшам жағу арқылы шолып, батып бара жатқан қыз баланы байқаған. Арқан жіпті белдеріне байлап суға түскен полицейлер қыз баланы 20 минуттан кейін жағаға алып шығып, жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасаған. Тіршілік белгілері болғанымен денесі қатты салқыннан әлсіреп қалған жасөспірімді олар №5 емханаға апарып, сол жерге жедел жәрдем шақыртқан.
Дәрігерлер 2007 ж.т., жасөспірім мен полицейлерге дереу медициналық көмек көрсетті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
*иллюстративті фото