CaspianLife, 11 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты тергеуді бастады.
Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға 4 млн 500 мың теңге көлеміндегі пара алған деген күдікке ілінді. Сәлден кейін Рысқалиев кінәсін мойындап келді, ал Хаменованы жауап алудан кейін уақытша ұстау изоляторына жіберген.
Абай ескерткішін орнатуға қатысты былтыр екі рет ұсыныс айтылған. Бірінші ұсыныс облыстық мәслихат сессиясында, кейін ұлы ақынның 175 жылдығын тойлау аясында жасалды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен депутаттар идеяны қолдап, содан кейін тендерге дайындық басталған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт сомасы 150 млн теңге, мәдениет басқармасы алғашқы траншты өткізіп үлгеріпті.
12 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек.
Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары лауазамына былтырғы 13 наурызда келген. Оған дейін «Нұр Отан» партиясы атынан парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.