CaspianLife, 7 желтоқсан – 2021 жылдың 7 желтоқсанында жаяу жүргіншілер көпірінен мұзды суға секірген жүкті әйел құтқарылды.
Оқиға таңертең сағат 09.35-те болған. Атырау облысы ПД су полициясының қызметкерлері қайықпен әйелге жүзіп, оны судан шығарып алып, Атырау облысы ТЖД қызметкерлеріне тапсырған. Құтқарушылар дереу жасанды тыныс алу және жүрек массажы арқылы алғашқы көмек көрсетіп үлгерді.
Қазіргі таңда келіншек жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.