CaspianLife, 7 желтоқсан – Тәрбиешілердің ісінен қылмыстық құқық бұзушылық анықталмапты.
Биыл жазда Атырау облысының №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерінің дәретханаға байланып отырған видеосы қазнетте тарап, шу тудырған еді. Депутаттар арнайы тексеріс жүргізуді ұсынып, полицейлер ҚР ҚҚ 110 бабы «Азаптау» бойынша интернат тәрбиешілеріне қатысты сот алды тексеріс жұмыстарын бастаған болатын.
Белгілі болғандай, қылмыстық іс жабылған. Атырау облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәрбиешілердің әрекетінен ешқандай қылмыстық құқық бұзушылық анықталмаған.