CaspianLife, 26 қараша – Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шаралары барысында Форт-Шевченко елдімекеніндегі жеке үйлердің бірінде жалпы салмағы 158 кг болатын 42 дана бекіре тұқымдас балығын жасырған үш азамат ұсталды.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4,5-тармақтары «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.