CaspianLife, 20 қараша – 18 қараша күні Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде ірі көлемде есірткі сақтау фактісін анықтады.
Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғыны өзінің тұрғылықты үйінде есірткі шөбін тұтыну үшін кептіріп, заңсыз сақтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын қарап тексеру кезінде, 1 келіге жуық марихуанна шөбі, арнайы кесіліп дайындалған ыдыс тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.