CaspianLife, 9 қараша – 27- жастағы Атырау қаласының тұрғыны өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі дозаларын дайындап келген.
Полиция қызметкерлері тінту кезінде есірткіні сатуға арналған түрлі құралдар мен құрылғыларды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 300 грамды құрайтын «Альфа РVР» синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді -деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1994 ж.т күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында есірткі сатумен айналысу фактісі бойынша БҚО, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан 13 кепілгер және 1 Өзбекстан Республикасының 1 азаматы ұсталды. Сараптама қорытындысымен заңсыз айналымнан барлығы 1 кг 700 грамм алынды.