CaspianLife, 9 қараша – Атырауда нан қымбаттады. Өйткені бірінші сұрыпты ұн бағасы көтерілген. Соған байланысты әлеуметтік нанның көтерме саудадағы бір данасының құны 105-110 теңгеге, бөлшек саудада 110-115 теңгеге жетті.
Ал наубайхана иелері бағаны бірте-бірте 5 теңгеден қосып көтеруді ұсынып отыр. Әзірге ірі сауда орындары мен супермаркеттер қалыпты бағаны ұстап тұр. Ал жекеменшік дүкендер үстемелеп үлгерген.
Жанар-жағармай бағасының қымбатсуы, тасымал бағасының қымбатсуы, энергия бағасының қымбатсуы, ұн бағасының қымбатсуы барлығы әсер етіп отыр. Қосымша азық-түлік корпорациясы арқылы 1000 тонна бидай осы айда келеді жақында Карат ЖШС -не. Содан кейін баға ұстап қалуға мүмкіндік бар.
Мамандар айтқан 1000 тонна бидайдың көпке жетпейтіндігі белгілі. Ал оның ақыры нан бағаның әлі де өсуіне ықпал етуі әбден мүмкін. Айтпақшы, басқармадағылар келесі жылы облысқа 25 000 тонна бидай керектігін айтып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұраныс жіберіпті.