CaspianLife, 5 қараша – Соңғы 5 күнде №2 Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне 550 науқас қаралған. Оның 97%-ы балалар.
Бұл балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекцияның өршіп тұрғанын білдіреді. Бүгінгі күні ауруханада 130 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала — 69, 3 жасқа дейінгі бала — 39 және 11 жүкті әйел бар.
1 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар тұрғындар міндетті түрде тұмауға қарсы екпені алу қажет. Өйткені, осы топтарда ауру өте ауыр ағымда өтеді,- деді №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Надя Ерғалиева.
Айта кетейік, қала бойынша вирусологиялық сараптамаға алынған анализдердің қорытындысы бойынша тұмаудан “А” типі анықталған. Бұл типте ауру ауыр ағымда өтеді.
Сондықтан дәрігерлер тұрғындардан инфекцияның бастапқы белгілері байқалған жағдайда үйде оқшауланып, учаскелік дәрігер шақыру керектігін ескертті.