CaspianLife, 2 қараша – 102 операторына 1994 ж.т., азаматша қоңырау шалып, қаладағы өзі жұмыс жасайтын дүкен ішінде «Samsung” маркалы ұялы телефонының ұрланғандығы жөнінде хабарлама берген.
Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасы барысында бейнебақылау камерасына ұрлық әрекеті түсіп қалған 1963 ж.т., азаматшаны анықтады.
Айғақ зат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1 бөлімімен тергеу амалдары жүргізілуде.