CaspianLife, 21 қазан – Атырау станциясының полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.
Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, деп хабарлады көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау станциясындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктің өзі шағым түсірген.
«Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған», — делінген хабарламада.
Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.
Бұл бап бойынша ол 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.
Жанжалдың шығу себебі айтылмаған.