CaspianLife, 13 қазан – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қаладағы абаттандыру жұмысына қатысты рейдтік іс-шара өткізген.
«Учакелік полиция инспекторлары өздеріне бөлініп берілген аумақты аралауды жандандырды. Оларға жүктелген міндеттің қатарында тұрғындардарға еліміздің заңдылығын сақтау, соған сәйкес жауапкершілікті ескерту мен түсіндіру бар. Инспекторлар «Учаске» профилактикалық-жедел іс-шарасы кезінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабын бұзғаны үшін (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін) 70-тен астам адамды жауапкершілікке тартты. Заңдылықты бұзған 50 адамға айыппұл салынып, 20-дан астамына ескерту берілді», — дейді Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айымбек Қазбеков.