CaspianLife, 27 қыркүйек — Қазақстанда Covid-19-ға қарсы екпе алған 482 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл коронавирустан көз жұмғандардың шамамен 5% құрайды.
«Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан тамыз айының соңына дейін бізде қайтыс болған вакцинацияланған азаматтардың саны 482 адам құрады, бұл КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының шамамен 5% — ын құрайды. Бірақ өлгендердің басым көпшілігі вакцинацияланбағанын түсіну өте маңызды», – деді Цой.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр вакцинацияланғандар арасындағы өлім-жітімнің өсуін ағымдағы жылдың жазында ауру жұқтырудың өсуімен түсіндірді.
Министрліктің мәліметінше, қайтыс болғандардың 23-і CoronaVac, 371 адам «Спутник V», 75 адам қытайлық Vero Cell және Hayat-Vax, 13 адам QazVac вакцинасын алған.
Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау науқаны басталғаннан бері бірінші дозаны — 7 524 609, екінші дозаны – 6 408 099 қазақстандық алған.