CaspianLife, 15 қыркүйек — Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойында жер асты газ құбырының апаты орын алды. Осыған байланысты Атырау ықшам ауданынан бастап Еркінқала елдімекеніне дейін газ беру уақытша тоқтатылады.
CaspianLife редакциясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының өкілдерімен байланысқа шықты. Бөлім бастығы Құрманбек Өмірзақов бізге түсіндіргендей, бүгін таңғы сағат 8 шамасында магистральға газдың кетуі туралы хабарлама келіп түскен. Филиал мамандары бірден жөндеу жұмыстарына кірісті, ол үшін қаланың оң жағалау бөлігінде газбен жабдықтауды өшіруге тура келген. Біздің сұхбаттасушымыз атап өткендей, бұл жоспарлы ажырату емес, апатты жағдай. Бірақ, жұмыс күнінің соңына дейін газ мамандары барлық мәселені шешуге тырысады.