CaspianLife, 7 қыркүйек — Мемлекет басшысының спортшыларға мемлекеттік марапат тағайындау туралы жарлығының мәтіні Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланды.
Жарлықта спортшылар «Токио-2020 ХVI жазғы Паралимпиада ойындарында үздік спорттық жетістіктері үшін» мемлекеттік наградаларға ие болғандығы айтылған. Естеріңізге сала кетейік, Токиода өткен Паралимпиада-2020-да Қазақстан құрамасы бес медальға ие болды: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс және жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алды.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес:
— ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Давид Дегтярев;
— «Парасат» орденімен Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан және Әнуар Сариев;
— «Құрмет» орденімен Нұрдәулет Жұмағали марапатталды.
Дәулет Темірлан мен Әнуар Сариев Атырау дзюдо мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ дзюдодан Қазақстан Паралимпиада құрамасының бас бапкері атыраулық Жандос Қиянов болды.