CaspianLife, 12 тамыз — Түркияда орман өрттерінен кейін су тасқыны басталды. Күшті жаңбыр салдарынан басталған су тасқыны көпірлерді бұзып, бірнеше ауылды жарықсыз қалдырған.
Табиғи апат Синоп, Бартын, Қарабүк және Кастамону провинцияларына әсер етті. Атап айтқанда, Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көпір құлады. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шекті, бір адам инфаркттан көз жұмған. Одан бөлек, құтқару қызметкерлері жоғалғандарды іздеу жұмыстарын бастаған.
Премьер‐Министр жанындағы Төтенше жағдайлар және апаттар басқармасы (AFAD) мәліметтері бойынша 12 ауылда электр қуатының жұмысы тоқтаған. Сондай-ақ, ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалған. Екпінді су тасқыны көліктерді де бірге алып кеткен.
Бартыннан 240 шақырым жерде орналасқан Синоп провинциясында су тасқыны салдарынан үй құлады. Провинцияның апатқа ұшыраған аудандарында көптеген үй мен кәсіпорындар су астында қалды. Шенеуніктер сақтық шарасы ретінде тұрғындар аудандағы мемлекеттік ауруханаға эвакуацияланды деп мәлімдеді.